жеке ксіпкерлер шін жеілдетілген декларация негізінде е кп тауар айналымы жарты жыла анша
Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау Баспаға шығару нұсқасы
Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады. Жалпыға бірдей декларациялауға көшуді қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттер:
Кірістерді декларациялауды іске асыру:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабы негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңде енгізіледі.
1 кезең – 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап
Жоғарыда аталған тұлғалардың анықтамалары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген. Одан басқа Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Жарлығымен саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілген.
2 кезең – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап
3 кезең – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап
4 кезең – 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап
Жалпыға бірдей декларациялау кезінде жеке тұлғалар қандай декларация нысандарын тапсыруға тиіс?
Декларацияларды ұсыну мерзімдері
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырады:
1) қағаз жеткізгіште тапсырған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;
2) электронды түрде тапсырған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсырады.
Декларацияны тапсыру мерзімдері келесі декларация тапсыратын тұлғаларға қолданылмайды.:
Сайланбалы лауазымдарға кандидаттар және олардың жұбайлары (зайыптары) кандидат ретінде тіркелгенге дейін декларация тапсырады. Мәліметтер ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне көрсетіледі.
Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар және олардың жұбайлары (зайыптары) лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) лауазымға тағайындау туралы актісі шыққанға дейін декларацияны ұсынады. Мәліметтер декларация тапсырылатын айдың бірінші күніне көрсетіледі.
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушы болуға тілек білдірген тұлғалар уәкілетті органға банктің ірі қатысушысы мәртебесін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш берген күнге дейін Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) тапсырады. Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы (250.00-нысан) мәліметтер осы декларация тапсыратын айдың бірінші күніне көрсетіледі.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету тәсілдері:
Электрондық түрде – «Салық төлеушінің кабинеті» мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы, сондай-ақ eSalyq Аzamat мобильді қосымшасы арқылы.
Қағаз түрінде – мемлекеттік кіріс органдарына келу тәртібімен не тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі
Жеңілдетілген декларация негізіндегі салық тәртібі.
Аталған салық тәртібін шағын бизнеспен айналысатн кәсіпкерлер және жалдамалы жұмыскерлер еңбегін пайдаланатын заңды тұлғалар (ШБ субьектілері) төмендегідей шектеулерде қолданады:
а) жеке кәсіпкерлер үшін:
· кәсіпкерді қоса есептегендегі тоқсандағы орташа тізімдік жұмыскерлер саны 15 адамға дейін
· тоқсандық табыс мөлшері – 4.5 млн. тенгеге дейін
б) жеке тұлғалар үшін:
· тоқсандық жұмыскерлер саны – 25 адамға дейін
· тоқсандық табыс – 10 млн. тенгеге дейін
в) заңды тұлғалар үшін:
· салық кезеңіндегі орташа тізімдік жұмыскерлер саны – 50 адамға дейін
· салық кезеңіндегі табыс – 25 млн.тенгеге дейін
Аталған салық тәртібінің ерекшеліктері төмендегідей:
· салық тоқсандық нақтылы табыс көлемі бойынша есептеледі
· салық тек алынған табыс мөлшері негізінде жеңілдетілген декларация бойынша шығындар ескерілмей төмендегі ставкалармен есептеледі (жеке табыс, корпоративтік және әлеуметтік салықтар):
Жалдамалы жұмыскерлердің есептік жылдағы орташа айлық жалақысы: жеке кәсіпкерлерде ҚР заңдылықтарымен бекітілген 2 үлестік минималды жалақыдан кем болмаған жағдайда, заңды тұлғаларда – 2,5 үлестік минималды жалақыдан кем болмаған жағдайда, әр жұмыскердің салық мөлшері 1.5% төмендетіледі.
ШҚ (ФҚ) үшін арнаулы салық тәртібі. ШҚ (ФҚ) өз қалауынша арнаулы салық тәртібін немесе жалпы салық тәртібін таңдайды.
Арнаулы салық тәртібіндегі ШҚ (ФҚ)-на бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен ерекше есеп айырысу тәртібі қарастырылады және аталған салық тәртібі тек а/ш өнімдерін өндірумен, өз өнімдерін өңдеумен және өткізумен айналысатын ШҚ (ФҚ)-на ғана қолданылады, бірақ подакцизді өнімдерді өндірумен, өңдеумен, өткізумен айналысатын ШҚ (ФҚ)-на аталған салық тәртібі қолданылмайды.
Арнаулы салық тәртібіне құқығы тек жеке меншігінде немесе басқа да пайдалану құқығында жер телімдері бар қожалықтарға ғана беріледі.
Бірыңғай жер салығы бойынша салық кезеңі календарлы жыл болып есептеледі.
Салық тәртібін пайдалану жағдайлары.
Арнаулы салық тәртібіндегі қожалықтар бірінші жылдың 20 февраліне дейін жер телімі орналасқан ауданның салық органына салық өтінішін өткізеді.
Салық өтініші көрсетілген уақытта түспеген жағдайда салық төлеуші бюджетпен жалпы салық тәртібінде есеп айырысады.
Таңдалған салық тәртібі салық кезеңінде өзгертілмейді.
Өтінішке төмендегі құжаттардың көшірмесі тіркеледі:
1) нотариалды немесе ауыл атқарушы органдары бекіткен жер теліміне құжат;
2) нотариалды немесе ауыл атқарушы органдары бекіткен жер ресурстары басқармасы тарапынан берілген жер телімінің бағалық құны анықталған акт
Акт болмаған жағдайда жер телімінің құны жер ресурстарын басқару органының мәліметіне сәйкес аудан бойынша 1 гектардың орташа құнымен анықталады.
20 февральдан кейін құрылған ШҚ (ФҚ) арнаулы салық тәртібіне салық өтінішін жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу Куәлігін алғаннан кейінгі 30 жұмыс күні аралығында тапсырады.
Салық органы салық өтініші түскеннен кейін 3 жұмыс күні аралығында арнаулы салық тәртібіне келісім беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайды.
Арнаулы салық тәртібін пайдалану ерекшеліктері
Бірыңғай жер салығын төлеушілер төмендегі салық немесе бюджетке басқа міндетті төлемдерден босатылады:
1) ШҚ (ФҚ) арнаулы салық тәртібіндегі қызметінің табысынан жеке табыс салығы;
4) тасымалдау құрал-жабдықтарына салық;
Бірыңғай жер салығын есептеу объектісі ретінде жер телімдерінің құны алынады.
Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі
Жыртынды жер бойынша бірыңғай жер салығы жер телімінің бағалық құнына төмендегі төлемдер арқылы есептеледі:
Жайылым жер, табиғи шабынды және т.б. жер телімдері бойынша арнаулы салық тәртібіндегі бірыңғай жер салығы жер телімдерінің бағалық құнынан 0,1% төлемі деңгейінде анықталады.
Әлеуметтік салықты есептеу ерекшеліктері
Бірыңғай жер салығын төлеушілер ай сайын АЕК-тен 20 % деңгейінде әр жұмыскерге, қожалық басқарушысына және кәмелетке толған әр мүшесіне әлеуметтік салық төлейді.
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнулы салық режимі
Егер Сіз өз кәсібіңізді жүргізу үшін оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануды ұйғарасаңыз, онда дара кәсіпкер ретінде тіркелу кезінде осы салық режимін таңдайсыз.
Бұл үшін кәсіпкерлік қызметті бастау туралы хабарламаны толтыру қажет. Тіркелу үшін Сіздің жеке куәлігіңіз бен электронды сандық қолтаңба керек.
Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша есептеуді салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi салықтық кезең үшін 3 пайыз мөлшерiндегi мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
Осыдан салық төлеуші өзіне:
жеке табыс салығын – 1,5 %;
міндетті зейнет ақы жарнасы (әрі қарай –МЗЖ) – табысынан 10 пайыз ең төменгі жалақыдан бастап ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс, бірақ нақты табысынан коп болмауы керек.
Әлеуметтік аударымдар – 3,5 % табысынан.
Жұмысшылар үшін жеке табыс салығы (жұмысшының табысы – МЗЖ – ең төменгі жалақы мөлшері) 0,1 пайыз немесе 10 пайыз жұмысшының табысынан шегерімдермен бірге. Жұмысшының тапқан табысы 25 АЕК төмен болса (2019 жылға 63125 тенге), онда салық сомасы 90 пайызға немесе 10 есеге азаяды.
Жұмысшының табысынан 10 пайыз міндетті зейнет ақы жарнасы.
Әлеуметтік аударымдар= (жұмысшының табысынан – МЗЖ) *3,5 пайыз жұмысшының табысынан МЗЖ шегеру арқылы, бірақ ең төменгі жалақыдан бастап ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын есептеу жұмысшының табысынан 1,5 пайыз және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Оңайлатылған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
910.00-нысан «Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация» жасау қағидалары салық есептігіне сай толтырылады.
Оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпоративтік) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргiзiледi.
Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшін салықтық кезең жартыжылдық болып табылады, сәйкесінше салық есептілігі жарты жылда бір табыс етіледі.
Бірінші жарты жылдықта 15 тамызынан кешіктірмей, ал екінші жарты жылдықта келесі жылдың 15-ақпанынан кешіктірмей табыс ету қажет.
Салық кезеңіне оңайлатылған декларация негізінде – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 038 еселенген мөлшерінен, яғни 60 695 950 тенгеден аспауы қажет.
Жұмысшылар саны 30 адам.
Оңайлатылған декларация негiзiнде арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер келесідей:
акцизделетін тауарлар өндiруді;
акцизделетін тауарларды сақтауды және көтерме саудада өткiзуді;
мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты өткiзуді;
жер қойнауын пайдалануды;
шыны ыдыстарды жинауды және қабылдауды;
түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткiзуді;
консультациялық қызметтер көрсетуді;
бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызметті;
сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметін және делдалдық қызметін;
құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметті;
қаржы лизингі шеңберіндегі қызметті жүзеге асырмайтын салық төлеушілер қолдануға құқылы.
Ордабасы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
Жеңілдетілген ЖК: Қазақстандағы жеңілдетілген декларация – шарттары мен жүргізу ерекшеліктері.
Дата публикации new ПАМ 22.03.2021
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін, ең қарапайым және ыңғайлы жеңілдетілген декларациядан негізделген («жеңілдетілген») салық режимі болып саналады. Режим есепке алу шараларын минимизациялауды, есептерді құрудың және ұсынудың қарапайымдылығын болжайды.Бұл меншік иесінің көмегінсіз жасауға мүмкіндік береді,әсіресе егер жеке кәсіпкер жалдамалы жұмысшылардың еңбегін падаланбайтын болса. Жеке кәсіпкерлерге арналған жеңілдетілген режимнің ерекшеліктері туралы ары қарай біліңіз…
«Жеңілдетілген» режимді қандай жеке кәсіпкер қолдана алады?
«Жеңілдетілген» режимге қатысты барлық сұрақтар ҚР СК 683 бабымен реттеледі.
«Жеңілдетілген» режимді қолдана алатын ЖК(жеке кәсіпкер):
МАҢЫЗДЫ! 01.01.2021 ж. бастап Қазақстанда АЕК (айлық есеп көрсеткіші) 2 917теңгені құрайды.
Егер жоғарыда аталған шарттың кем дегенде біреуі бұзылса, ЖК жеңілдетілген жүйеден – жалпыға бірдей белгіленген режимге ауысады.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 683 бабының 3- тараудың 2ші және 3ші- тармақшасында айтылған қызмет саласында (ойын бизнесі,бензин саудасы,шыны ыдыстарды және металл сынықтарын жинау т. б.) жұмыс істейтіндер қолдана алмайды.
Жеңілдетілген салық жүйесі бойынша жеке кәсіпкер қандай салықтарды төлеу керек?
Жеңілдетілген салық жүйесі бойынша, ЖК салықтар мен жарналардың келесі түрлерін төлейді:
Егер жеке кәсіпкер жұмысшыларды жалдаса, жоғарыда аталған төдемдерге қосымша олар үшін (жалақы мөлшерінен) төленетін төлем:
Жеңілдетілген жүйе бойынша жеке кәсіпкер қандай есеп береді ?
Жеке кәсіпкер жеңілдетілген жүйесі боойынша ҚҚС ( қосылған құн салығы ) төлеуі қажет пе ?
Егер шектен асып кетсе,онда жеке кәсіпкер :
ЖК қызметкерлерімен бірге жеңілдетілген жүйесі бойынша тағы не ескеруі керек ?
Жалдамалы еңбекті пайдаланатын жеке кәсіпкер, жұмысшылардың жекелеген санаттарының табыстарына, салық салудың кейбір ерекшеліктерін ескеруі керек :
Жеке кәсіпкерлерге, салықтар мен басқа да төлемдерді төлеу бойынша, міндеттемелерді бұзғаны үшін, қандай айыппұлдар қарастырылған?
Есеп беру,салықтар мен жарналарды төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін, жеке кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.
Сонымен,салық режимін қолдану ережелерін бұзғаны үшін, жеке кәсіпкер Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 270-бабына сәкес жауапты:
Салық декларацияларын уақытында тапсырмағаны үшін ( ҚР Әкімшілік кодексінің 272-ші бабы ):
МӘМС және ӘА жарналары бойынша аударымдар мерзімдерін бұзғаны үшін ( төлемеу,уақытылы төлемеген немесе толық төлемеген ) жеке кәсіпкерге ( ҚР Әкімшілік кодексінің 92-1 бабы ):
Міндетті зейнетақы жарнасын шегеру жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін ( ҚР Әкімшілік кодексінің 91-бабы ):
Жеке кәсіпкер жеңілдетілген жүйеде қалай есеп жүргізуі керек ?
Жеке кәсіпкер есебін жүргізе алады :
Сонымен, Mybuh.kz қызметінде 910 декларациясын толтыру кезінде,кәсіпкерге тек қызметкерлердің және ЖК-дің жалпы табысын ғана көрсетуі керек, ал нысананы толтыру үшін, басқа барлық қажетті есептеулерді Mybuh.kz қызметі автоматты түрде істейді.Сонымен қатар, 3% салықты төлеуге және жалақыдан ұсталатын барлық шегерімдерге,төлем тапсырмалары жасалады.
Mybuh.kz қызметін пайдалану тарифі – штаттық есепшінің орташа жалақысынан едәуір төмен,бұл кәсіпкерге есепшінің жұмыс орнындағы ұйымдастыруға кететін, жалақы мен шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есептін қыр-сырына қаныққысы келмейтін, бірақ бухгалтерлік есеп шығындарын үнемдегісі келетін кәсіпкерлер үшін «Жеке есепші» тарифі ұсынылған,бұл негізінен аутсорсингке ауысу болып табылады. Бұл жағдайда,есептік шараларды және есеп беруді тапсыру Mybuh.kz мамандары жүзеге асырады.
Ол үшін кәсіпкерден :
Патент негізінде арнайы салық режимі Баспаға шығару нұсқасы
Патент бойынша қандай жеке кәсіпкер жұмыс істей алады
« Патент бойынша IP» арнайы режимін пайдаланудың негізгі шарты жеке кәсіпкерлікті жүргізу болып табылады, яғни. жұмысшылардың жетіспеушілігі.Патентті қолданудың басқа шарттары және қолданыстағы шектеулер Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 683-бабында бекітілген.
Сонымен, шектеу бар:
Жылдық табыс белгіленген межеден асып кеткен жағдайда, жеке кәсіпкер патентті қолдану құқығынан айырылады және басқа арнайы салық режиміне, «жеңілдетілген салық режиміне» немесе жалпыға бірдей белгіленген режимге ауысуға міндетті.
Келесі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер патент бойынша жұмыс істей алады (барлығы 32-сі бар):
Агенттік келісімшарттар (келісімдер) негізінде қызмет көрсететін патенттік IP негізінде арнайы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.
Патентті қалай алуға болады және ол қанша уақытқа беріледі
Патент алу үшін кәсіпкер алдымен жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек.
Патент негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін патент құнын есептеу (есептеу) орналасқан жері бойынша салық органына ұсынылады .
Есеп қағаз түрінде немесе электронды түрде, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, жеке кәсіпкер:
Патенттің қолданылу кезеңінде алуға жоспарланған кірістердің мөлшерін салық төлеушінің өзі анықтайды.
Патент құнын төлеуді салық төлеуші есептеуді ұсынғанға дейін жүргізеді.
Патент құнын екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлеген жағдайда, электронды түрде ұсынылған төлемге «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі туралы хабарлама қоса беріледі. «электрондық үкіметтің» веб- порталы сұрау салу құжатында төлем деректемелерін көрсету кезінде.
Қағаз жүзіндегі есеп айырысумен бір уақытта патент құнын төлегенін растайтын құжаттар ұсынылады.
Электрондық түрде, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылған есепте жеке кәсіпкерлер патенттің құнына кіретін салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеуге арналған төлем құжаттарының деректемелерін көрсетеді.
Патенттің құнына жеке табыс салығы (жеке табыс салығын ұстаудан басқа) және әлеуметтік сақтандыру төлемдері бойынша төлеуге жататын сомалар кіреді.
Патент құнына енгізілген жеке табыс салығы сомасын есептеу салық салу объектісіне 1 пайыздық мөлшерлемені қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Салықты төмендету бүкіл салық кезеңі үшін тұтастай алғанда осындай үш компонентті интеграцияланған жүйе құрылған салық кезеңі үшін патент құнының соңғы есебінде жеке табыс салығының сомасын есептеу кезінде жасалады, сондай-ақ осындай сатып алудың салық кезеңінен кейінгі салық кезеңі үшін.
Патент құнына кіретін әлеуметтік төлемдерді есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады:
Салық органы есептеуді ұсынғаннан кейін салық органының ақпараттық жүйесінде есептеуді ұсынған күннен кейінгі 1 жұмыс күні ішінде патент қалыптастырады.
Патент қолдану үшін салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады.
Бірақ кәсіпкер патентті 1 толық күнтізбелік айдан 1 жылға дейінгі аралықта кез-келген мерзімге «сатып ала» алады.
Бұл бизнесті бастамас бұрын жасалуы керек.
Патенттің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде ұсынбаған адамдар оны Салық кодексінің 67-бабына сәйкес жабуға құқылы.